Президент Іс басқармасының орталық клиникалық ауруханасының 66 шаршы метр аумағы жанып кетті
Алматыда Президент Іс басқармасының орталық клиникалық ауруханасының ғимараты өртке оранды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
Алматы қалалық ТЖД мәліметінше, өрт бүгін түстен кейін шыққан. Қазіргі уақытта оқиға орнында өрт сөндірушілер мен құтқарушылардан құралған 60 адам жүр. Қызыл жалынды ауыздықтауға 18 техника жұмылдырылған. Ғимараттың 66 шаршы метр жері жанып кеткен. 3 мың шаршы метр аумақты құрайтын ғимараттан 23 адам эвакуцияланған.
«Шақырту орнында үш қабатты ғимараттың шатыры жанып жатыр», - деді ведомстводағылар.