Алайда, жер дүмпуі Алматыда сезілмеген
ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалар желісі 25 қараша күні Алматы уақытымен 02 сағат 19 минут 59 секундта жер сілкінісі болғанын тіркеді.
Зілзала ошағы Алматы қаласынан шығысқа қарай 254 шақырым жерде, Қазақстан аумағында орналасқан. Энергетикалық санаты – 8,5. MPV тербелісі – 3,6. Тереңдігі – 20 шақырым.