Ол тіпті, отбасына қажетті азық-түлікті де балабақша қоймасынан алған
Қарағанды қаласында «Айналайын» Қызмет бабын асыра пайдаланғаны үшін балабақшасының меңгерушісі қызмет бабын асыра пайдаланғаны үшін жұмыстан шығарылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Балабақша тәрбиешілері және басқа да қызметкерлер білім басқармасына ұжымның атынан шағым түсірген.
«Қызметкерлердің айтуынша, басшы әйел техникалық персоналды өз үйінде жұмыс істеуге мәжбүрлеген. Онымен қоймай, аспаздарды да отбасына тамақ әзірлеуге міндеттеп отырған. Ал азық-түлік өнімдерін балабақша қоймасынан алған.
Кір жуатын әйелдер үйдің кірін жуса, басқалары үйдің ішін тазалап, терезе мен еденді жуып жүрген», - делінген saryarqanews.kz сайтындағы хабарламада.
Қызметкерлер меңгерушінің заңсыз әрекетіне шыдай алмай, білім басқармасына арыз түсірді. Осыдан кейін оны жұмыстан шығару туралы шешім қабылданды.