27.12.2020, 21:08
Оқиғалар
Оралда жатақханадағы өрттен 45 адам эвакуацияланды
5 адам ауруханаға жеткізілді
Фото: баспасөз қызметінен
Оралда тоғызқабатты жатақханадағы өрттен 45 адам эвакуацияланып, 5 адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«27 желтоқсан күні Оралда тоғызқабатты жатақханада аумағы 20 шаршы метрді қамтыған №62 бөлме жанып кетті. Өрт орнынан үш адам құтқарылды. 45 адам қауіпсіз жерге шығарылды. Олардың 18-і – балалар», - деп жазылған ақпаратта.
Газдан уланды деген күдікпен 9 адам оқиға орнында қаралды. Соның бесеуі ауруханаға жатқызылды. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Көп оқылған
18.10.2026, 13:06
Алматыда интимдік қызмет ұсынған қыз клиентін соққыға жыққан
18.10.2026, 20:04
Қазақстандықтар телефондағы eGov Mobil-дің жаңа калькуляторы арқылы әл-ауқатын өздері анықтай алады
18.10.2026, 11:05
Абай облысында полиция жоғалған 7 жасар баланы іздеп тапты
18.10.2026, 12:40
Елордада Қарағанды облысының креативті жәрмеңкесі ашылды
18.10.2026, 06:26
«Макрон, басыңды шабамыз»: Францияда жаппай наразылықтар жалғасып жатыр
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды