Өскемен тұрғынынан бір тоннадан астам балық тәркіленді

Автор: Azattyq Rýhy

Тұрғында тасымалданатын жүк үшін тиісті құжаттар болмаған

Фото: ашық дереккөзден

Өскемен тұрғынынан бір тоннадан астам балық тәркіленді. Азаматқа қатысты материал оны 389-бап бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін аумақтық балық инспекциясына жіберілді. Тұрғында тасымалданатын жүк үшін тиісті құжаттар болмаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі YK-news.kz-ке сілтеме жасап.

«Облыс орталығында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасуда. Іс-шара барысында «ГАЗ-3302» көліктегі Өскемен қаласының тұрғынының бір тоннадан астам балық алып келе жатқаны белгілі болды. Тексеру кезінде оның  жүк тасымалдауға арналған құжаттары жоқтығы анықталды», - деп жазылған хабарламада.

Көліктегі балықтың жалпы салмағы 1182 килограмм болды. Ер адамның айтуынша, ол балықты Күршімнен «жеке пайдалануы үшін» сатып алған.