Екі айлық нәресте ауыр халде Омбыдан Нұр-Сұлтанға санавиациямен жеткізілді

Автор: Azattyq Rýhy

Рейсті ҚР Денсаулық сақтау және Сыртқы істер министрліктері ұйымдастырған

 

Фото: Қазақстанның Ресейдегі елшілігі

Омбыдағы ҚР елшілігінің көмегімен жергілікті облыстық балалар клиникалық ауруханасында ауыр халде жатқан екі айлық қазақстандық нәресте санавиация бортымен Нұр-Сұлтан қаласына жеткізілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ресейдегі Қазақстан елшілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.   

Рейсті ҚР Денсаулық сақтау және Сыртқы істер министрліктері ұйымдастырған.    

«Сәбиді астанаға жеткізгенге дейін мамандар оның диагнозын бірден анықтап, ұшып келе салысымен дереу қарқынды емдеу жұмыстарын бастап кетті.

Қазіргі сәтте пациенттің жағдайы тұрақты, нашарлаған жоқ. Дәрігерлер емдеудің толық бағдарламасын жүргізетін болады», - делінген елшілік хабарламасында.