Қазақстан-қырғыз шекарасынан ірі көлемде героин алып өтпек болған азамат ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

Тәркіленген заттың салмағы - 60 келі 300 грамм

көрнекі фото: inozpress.kg

10 желтоқсанда өткізу пунктінде «Джек» деген лақап атты қызметтік иттің көмегімен Қырғызстаннан Қазақстанға бет алған «Б» деген азамат жүргізетін Toyota Prado автокөлігінде жасырылған ерекше иісі бар ақ-сұр түсті заты бар пакеттер анықталды.

Ұсталып, алынған зат одан әрі іс жүргізу үшін ҰҚК Жамбыл облысы бойынша департаментіне тапсырылды. 11 желтоқсанда сараптама нәтижелері бойынша тәркіленген заттың салмағы 60 килограмм 370 грамм героин екені анықталды.

Қылмыстық кодекстің 286-бабының 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергелуде (айналыстан алып қойылған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы, осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген, есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен байланысты, аса ірі мөлшерде жасалған іс-әрекеттің 4-бөлігі – мүлкі тәркіленіп, он бес жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға не өмір бойына бас бостандығынан айыруға жазаланады).