Аягөзде газ баллоны жарылып, жеті адам зардап шекті

Автор: Azattyq Rýhy

Жарылыстан жер үйдің төбесі мен бір жақ қабырғасы опырылып түскен

Аягөзде газ баллоны жарылып, бір үй өртке оранды. Оқыс оқиғадан жеті адам зардап шекті. Олардың денесі түрлі дәрежеде күйіп қалды. Әсіресе 40 жастағы үй иесінің жағдайы мүшкіл, деп хабарлайды КТК.

Оның денесінің жартысына жуығын күйік шалыпты. Қазір ер адам ауруханада жан сақтау бөлімінде ауыр хәлде жатыр. Зардап шеккендердің төртеуі - бала. Оқыс оқиға 20 қараша күні  кешкі уақытта болған. Газ толтырылған бес литрлік баллонның жарылысынан жер үйдің төбесі мен бір жақ қабырғасы опырылып түсіпті. Зардап шегушілердің айтуынша, оқиға баллонды аяздан жылы жерге кіргізген соң болған. Оған ауа температурасының күрт өзгеруі себеп деп топшылайды. Алайда жарылыстың нақты себебін мамандар анықтауы тиіс.