Орманшы қорғауға алынған аумақтағы тал тұқымды ағаштарды отап тастаған
Күдікті қылмысты ақпан-наурыз айларында жасаған, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті.
«Ертіс аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Ертіс өзені жайылмасының қорғалатын аумағында тал тұқымды ағаштарды заңсыз кескен деген күдікпен облыс орманшылықтарының бірінің орманшысын ұстады. Ол қылмысты 2020 жылғы ақпан-наурыз аралығында жасаған деп болжануда. Шығын шамамен 8,5 миллион теңгені құрады», - деді баспасөз қызметінде.
Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК 340-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.