Таулы Қарабақта тағы атыс болды

Автор: Azattyq Rýhy

Әзербайжан тарапы жағдайға қатысты түсініктеме бермеді

Фото: ашық дереккөзден

Таулы Қарабақтың қорғаныс әскері жақында әзербайжандық әскерилер олардың бекетіне шабуыл жасамақ болды деп мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«11 желтоқсанда сағат 20:40-та қарсы жақ оңтүстік бағыттағы әскери бекетке шабуыл жасамақ болды. Екі тарап арасындағы текетірес салдарынан үш армениялық әскери жараланды», - делінген хабарламада.

Әзербайжан тарапы жағдай туралы түсініктеме бермеді.

Айта кетейік, Таулы Қарабақтағы әскерилердің бірнеше айға созылған жауынгерлік әрекеттері 9 қарашада тоқтатылған еді.