Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды
Жамбыл облысында малшыдан 12 келіден астам есірткі тәркіленді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Жамбыл облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Шу ауданының шаруа қожалығында малшы болып жұмыс істейтін 27 жастағы жергілікті тұрғыннан жалпы салмағы 12 килограмнан астам «кептірілген марихуана» тәркіленді. Бұл дерек бойынша ҚР ҚК 296-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр», - деп жазылған хабарламада.
Ұсталған азамат өз кінәсін мойындап, Шу ауданының уақытша изоляторына қамалды.