$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
11.12.2020, 17:15
Оқиғалар

Талғар аудандық соты Bek Air компаниясының Решет Қалибекке қарсы арызын қараусыз қалдырды

2019 жылдың 27 желтоқсанында Алматы қаласы маңында ұшақ апаты болды

Талғар аудандық соты Bek Air компаниясының Решет Қалибекке қарсы арызын қараусыз қалдырды
Ұшақ құлаған үйдің иесі - Решет Қалибек

Талғар аудандық соты Bek Air компаниясының Алматы әуежайының маңында заңсыз үй салды деген Решет Қалибекке қатысты талап арызды қараусыз қалдырды. Компания құрылысты заңсыз деп тану туралы бұған дейін де сотқа шағымданған болатын. Осыдан екі күн бұрын жердің иесі әуе компаниясы өзін қайтадан сотқа бергенін айтқан еді. Талғар аудандық сотының судьясы Қарлығаш Есәлинова ұшағы апатқа ұшыраған компанияның азаматтық талап-арызын қарамау туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

WhatsApp арқылы онлайн тәртібінде өткен сотта судья Талғар ауданында, соның ішінде ұшақ құлаған Гүлдала елдімекенінде жер телімдерін заңсыз сатты деген күдікке ілінген екі қылмыстық топқа қатысты іс тергеліп жатыр. Бұл істерге қатысты процессуалдық шешім қабылданбай, кінәлі тұлғаларды анықтау мүмкін емес. Сондықтан Bek Air компаниясының талап арызы негізсіз деп танылған.

Bek Air АҚ-ның азамат Решет Қалибекке, үшінші заңды тұлғалар - Талғар ауданы сәулет және қала құрылыс бөлімі, Талғар аудандық жер қатынастары бөлімі, Талғар аудандық әділет бөліміне бағытталған үйді өз еркімен салып алғаны жөніндегі шешімдерді анықтау туралы талап арызды қараусыз қалдыруға қаулы етемін. ҚР ӘҚК-нің 79-бабы негізінде 1320 теңге баж салығы Bek Air компаниясының есепшотына қайтарылсын. Қаулыға келіспеген тараптар 10 жұмыс күні ішінде Алматы облыстық сотына шағымдануға құқылы», - деді сот қазысы.

Оқи отырыңыз: Bek Air ұшақ құлаған үйдің иесі Решет Қалибекті қайта сотқа берді

Биыл 21 ақпанда Bek Air компаниясының басшылығы Алматы әуежайының маңында заңсыз салынды делінген үйдің иесі Решет Қалибекті сотқа берген болатын. Компания иесі Нұрлан Жұмасұлтанов Алматы облысы Талғар аудандық сотында әуе компаниясына тиесілі ұшақ соғылған ғимарат құрылысын заңсыз деп тану жөнінде шағымданған. Көп ұзамай жердің иесі Решет Қалибек те әуе компаниясына қарсы арыз беріп, екі ай қаралған талап арызды сот 7 сәуірде тоқтатты.

Айта кетейік, былтыр 27 желтоқсанда Алматыдан Нұр-Сұлтанға бағыт алған Bek Air әуе компаниясының рейсі апатқа ұшырады. Қайғылы жағдайдан 12 адам қаза болып, 49 адам ауруханаға жеткізілді. Ал әуе компаниясының қызметі тоқтатылып, лицензиясы кері қайтарылды.

Ришат Асқарбекұлы, Алматы

Серіктес жаңалықтары