Ол өте қатты күйзеліске түскен
Өскеменде 9-қабаттан секірмек болған ер адам құтқарылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі қалалық полиция басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«102» арнасына белгісіз ер адамның 9-қабаттан секірмек болып тұрғаны туралы хабар түсті. Оқиға орнына жеткен экипаж қызметкерлері биіктен секіргелі тұрған 25-30 жас шамасындағы жігітті және оны сөзге айналдырып тұрған азаматты байқайды. Ер адам полицейлерді көргенде одан сайын ашуға булығып, олардың жақындамауын талап етті. Десе де, оны әңгімеге тартқан полиция қызметкерлері құтқарушылармен бірге ақырын жақындап, жігітті қапсыра ұстап, тартып алып шыққан», - деп жазылған хабарламада.
Полицейлер оны жедел жәрдемге жеткізді. Медицина қызметкерлерінің айтуынша, ер адам өте қатты күйзеліске түскен, тіпті өзінің әрекетін түсіндіре алмаған.