Түркістан облысында көпбалалы әке үлкен қызын зорлап келген

Автор: Azattyq Rýhy

Ол 20 жылға сотталды

Фото: ашық дереккөзден

Түркістан облысында өз қызын зорлап келген көпбалалы әке 20 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

«Осы жылдың басында Арыс қаласының тұрғыны полицияға арыз беріп, күйеуі өзінің үлкен қызын зорлап жүргенін айтқан. Ол қызының телефонынан күйеуінің жіберген хабарламаларын тауып алған. Оның жіберген мәтіндерінің мазмұны күдік тудырған. Ал сотқа дейінгі тергеу барысында жәбірленушінің әкесі кінәсін мойындамады», - деп жазылған хабарламада.

Күдікті Ресейде вахталық әдіспен, ал қыздың анасы Арыс қаласында жұмыс істейді. Көпбалалы отбасында бес бала бар. Сот өз қызын зорлаған әкені 20 жылға бас бостандығынан айырды.