Олардың бесеуі - балалар
Күз және қыс маусымы басталғаннан Қазақстанның су айдындарында 16 адам, оның ішінде 5 бала қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Аң және балық аулау маусымы басталғаннан бері (1 қазан-7 желтоқсан) елдің су айдындарында 16 адам, оның ішінде 5 бала қаза тапты. Балық аулау кезінде ережелердің бұзылуынан 11 адам қаза тапты және ересек адамдардың қарауынсыз қалған 5 бала абайсызда суға құлап, суға батып кетті», - деп жазылған хабарламада.
Айта кету керек, жалпы республика бойынша Төтенше жағдайлар департаменттері Полиция департаменттерімен бірлесіп, балық аулау орындарында, мұз өткелдері мен өтпе жолдарда патрульдеу, аралау жұмыстары және рейдтер тұрақты түрде жүргізуде. Күзгі-қыс кезеңнің басынан бері 4 512 патрульдеу және рейд өткізілді, судағы жүріс-тұрыс қағидаларын сақтау бойынша 15 769 нұсқаулық жүргізілді.