Нұр-Сұлтанда балалар ауруханасында сорпадан құрт шықты

Емдеу мекемесіне тамақ сырттан әкелінетін көрінеді

Нұр-Сұлтанда балалар ауруханасында сорпадан құрт шықты
Фото: facebook.com

Елордада балалар ауруханасындағы емделушінің сорпасынан құрт шықты. Бұл туралы науқастың әкесі өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына жазған, Деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі

Суретін де салыпты. Бұл шулы пост кейіннен өшірілді. Алайда оған қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы назар аударып үлгерді. Осы жайтқа байланысты арнайы қызметтік тергеу жүргізілген. Нәтижесінде, ауруханадағы тамақ тарату бөлмесіне талап күшейтілді. Ал, аурухана басшылығы болса, баланың ата-анасына кешірім сұрады. Негізі, емдеу мекемесіне тамақ сырттан әкелінетін көрінеді.

«Күн сайын 8-ден кешкі 8-ге дейін бөлмелердегі тарату жұмысы, санитарлық-эпидемиологиялық режим қораптардағы азық-түліктердің сапасын тексеру күшейтілді. Тамақ тарату объектілерінде барлық бақылау жұмысы жүргізілді. Жаза дегенде ешбір қызметкерге жаза қолданылған жоқ», - Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Әйгерім Ардаққызы.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.