Екі балықшы мұздың жұқалығын ескермей, жағалаудан ұзап кеткен
Қостанай облысы Аққабақ көлінде мұз жарылып, зейнет жасындағы екі балықшы суға кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап
Екі балықшы мұздың жұқалығын ескермей жағалаудан 150 метр жерге дейін ұзап шыққан. Былтыр дәл осы уақытта Жітіқара ауданында мұз ойылып, екі бала мерт болған еді. Осыған орай төтенше жағдайлар департаменті өзен-көлдерге бақылауды күшейткен.
«Профилактикалық жұмыстарға көп адамдар құлақ асқылары келмейді. Біз ескерту жасай аламыз, одан басқа шаралар қолданбаймыз, біздің ондай құқығымыз жоқ. Айтамыз, жұқа мұз айдынында 5-7 см мұз айдынында шығуға тыйым салынады және де автокөлікпен мұз айдынына шығуға болмайды», - деді облыстық ТЖД бастығының орынбасары Ризабек Қабылбеков.