Қаржы пирамидасын құрды деп айыпталған ЖШС басшыларына қатысты тергеу аяқталды

Автор: Azattyq Rýhy

33 күдікті соттың санкциясымен қамауға алынды

Фото: ашық дереккөзден

Ақтөбе облысында «Гарант 24 ломбард», «Еstate ломбард», «Выгодный займ» және «Нур-Али Капитал» ЖШС-лер басшыларына қатысты қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталды. Бұл туралы облыстық Полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Қылмыстық жауапкершілікке 50 күдікті тартылған. Олардын ішінде 33-і соттың санкциясымен қамауға алынды.  Заң бұзушылардың бесеуі үй қамағына жіберілсе, он екі күдіктіден ешқайда кетпеу түріндегі қолхат алынды. Бұдан басқа, 6 күдіктіге іздеу жарияланып, оларға қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Еске сала кетейік, 13 қараша күні ІІМ Жедел тергеу тобы «Гарант 24 ломбард», «Еstate ломбард», «Выгодный займ» және «Нур-Али Капитал» ЖШС-нің басшыларына қатысты қаржы пирамидасын құру фактісін анықтаған болатын.

Әсел Оршыбекова, Нұр-Сұлтан