Алматы облысында екі бала суға кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Балалардың денесін туыстары тауып алған

Фото: ашық дереккөзден

Алматы облысында өзеннің жұқа мұзы ойылып, 6 және 4 жасар бала суға кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Алматы облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Алматы облысының Іле ауданы Түймебаев ауылында қараусыз қалған 2014 және 2016 жылы туған екі бала Кіші Алматы өзенінде жұқа мұздың астына түсіп, қайтыс болды. Балалардың денесін туыстары өзеннен тауып, судан шығарды», - делінген хабарламада.

Құтқарушылар ата-аналардан балаларын су қоймасы маңында үлкендердің қарауынсыз қалдырмауын сұрайды.