Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды
20 қараша күні сағат 17:15-те Мир көшесінде Lada Largus автокөлігінің жүргізушісі 45 жастағы әйелді қағып кетті, деп хабарлайды «NewTimes.kz» Павлодар облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Жол апаты салдарынан әйел оқиға орнында көз жұмды. Автокөлік айып тұрағына әкетілді», - деп хабарлады ведомстодағылар.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабы «Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол ережелерін немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Жүргізуші Павлодар қаласы уақытша қамау изоляторына қамалды.