Ақтауда жетінші қабаттан секірген ер адам көз жұмды

Автор: Azattyq Rýhy

Оның артынан секірмек болған әйел құтқарылды

Фото: ашық дереккөзден

Ақтауда әйел көпқабатты тұрғын үйден күйеуінің соңынан қоса секірмек болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі  Лада.kz  сайтына сілтеме жасап.

«Ақтаудағы 17-шағын аудандағы үйлердің бірінде 7-қабаттан ер адам құлап түсіп, қайтыс болған. 5 минут ішінде тәртіп сақшылары оқиға орнына жеткен. Пәтерге келген жол полицейлері секірмек болғанын анықтаған», - делінген өңірдің полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.

Пәтер есігі ашық болды. Инспектор дереу әйелге жүгіріп барып, ең соңғы мезетте оны ұстап үлгерген. Кейіннен әйелдің Маңғыстау облыстық ауруханаға жеткізілгені белгілі болды