Балалар 2 және 4 жаста
Қостанай облысында өрттен 2 бала қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Аlau.kz-ке сілтеме жасап.
«Қайғылы оқиға 3 желтоқсанда Денисов ауданы Фрунзе ауылында болған. Өрт салдарынан 2016 жылы туған қыз бен 2018 жылғы ұл қаза тапты. Балалардың ата-анасы көршілес Аят ауылына азық-түлік алуға кеткен. Олар үйде шамамен 2 сағат болмаған», - деп жазылған хабарламада.
Олар балалар жатқан бөлмеге жүгіріп барып, алдымен ұлын, кейін қызын шығарды. Мамандардың болжамынша, балалар үйдің жатын бөлмесінде сіріңкемен ойнаған. Салдарынан өрт шыққан. Осы сәтте олар басқа бөлмеге қашқан. Алайда олар түтіннен уланып қаза тапқан.