Ол полицияға өзі хабарласқан
Ақмола облысында 4 әйелді зорлықпен өлтірді деген күдікпен жергілікті тұрғын ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Жергілікті тұрғын полтцияға қоңырау шалып, Бурабай кентіндегі көпқабатты тұрғын үйлердің біріндегі пәтерде өзі адам өлтіргенін айтқан. Жедел-тергеу тобы зорлықпен өлтірілген 4 әйелдің денесін тапты», - деп жазылған хабарламада.
Бұрын бірнеше рет ұрлық жасағаны үшін сотты болған 28 жастағы тұрғын ұсталды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.