Ол мұндай қадамға анасымен арада болған ұрыстан соң барғанын айтты
Қостанай қаласының тұрғыны облыстық Полиция департаментіне хабарласып, 33 жастағы қызының өз-өзіне қол жұмсамақ ниетпен гаражға кіріп, есігін іліп алғаны туралы айтқан. Бұл туралы polisia.kz хабарлайды.
Анасы мекенжайды айтып, тәртіп сақшыларынан көмек сұраған. Оқиға орнына дереу жеткен аудандық полиция бөлімінің инспекторлары үйдің ауласына кіріп, жабық гараждағы оталып тұрған көліктің дыбысын естіген. Көлікте отырған қызды көрген инспекторлар терезені сындырып, ішке еніп, газ жұтқан қызды көтеріп, таза ауаға шығарған.
Кейінірек қыздың мұндай қадамға анасымен арада болған ұрыстан соң барғаны анықталды. Полиция қызметкерлері екеуімен де профилактикалық әңгіме өткізді.