Павлодарда көлік өртеніп, ер адамды күйік шалды

Автор: Azattyq Rýhy

Көліктің жүк салғышынан сыйымдылығы 15 литрлік газ баллоны шығарылды

 

3 желтоқсан күні ашық аумақтағы аулада сағат 17: 56-да Hyundai Аccent автокөлігі толығымен жанып кетті, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.

«Генерал Дүйсенов көшесі, 56 мекенжайы бойынша өрт туралы хабарлама келіп түсті. 6 шаршы метр алаңда өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін багаж бөлімшесінен сыйымдылығы 15 литр 1 газ баллоны эвакуацияланды. 1978 жылы туған ер адам жедел жәрдеммен № 1 қалалық аурухананың күйік бөлімшесіне жатқызылды», - дейді облыстық ТЖД баспасөз қызметінде. 

Ер адамның бет-аузы мен бел тұсын және сол қолын бірінші және екінші дәрежелі күйік шалған. 

Тілсіз жау 18 сағат 09 минутта сөндірілді. Өртті сөндіруге жеке құрамнан 8 адам мен 2 техника жұмылдырылды. Өрттің шығуына газ-ауа қоспасының жарылысы себеп болған. 

Қазіргі уақытта келтірілген шығын көлемі анықталуда.