04.12.2020, 01:22
Оқиғалар
Павлодарда автокран жанып кетті
2007 жылы шығарылған «Сю Гонг» автокранынан өрт шыққан
Фото: Павлодар облыстық ТЖД
Өрт салдарынан келтірілген шығын көлемі анықталуда, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.
«3 қараша күні сағат 18.12-де Алюминий зауыты ауданында өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Ашық аумақта 2007 жылы шығарылған «Сю Гонг» автокранынан өрт шыққан», - деді облыстық ТЖД баспасөз қызметінің өкілдері.
Көліктің мотор бөлігінде резеңке-техникалық бұйымдары мен 2 шаршы метр алаңда кабина салонының қаптамасы жанған.
Тілсіз жау 18 сағат 36 минутта жойылды. Оқиға орнында жеке құрамнан 7 адам және 2 техника жұмыс істеді.
Көп оқылған
16.11.2026, 15:57
«Тәрбиені күшейту керек»: Астанада аспаннан доллар «жауғаннан» кейін Сәденов Тоқаевтан ескерту алған
16.11.2026, 13:22
Қара маскадағы қарақшы, адам өлімі, айналадағы полиция: Ақтөбе қаласында не болып жатыр
