Мәскеуде ауруханадан өрт шығып, екі адам қайтыс болды

Автор: Azattyq Rýhy

Қызыл жалын Ресей астанасының орталық көшесіндегі аурухана ғимаратында болды 

Фото: ТАСС

Мәскеудің ірі ауруханаларының бірінен өрт шықты. Ғимараттан 20-дан астам адам эвакуацияланды, төтенше жағдай салдарынан 2 адам қайтыс болды. Бұл туралы Azattyq Rýhy тілшісі ТАСС агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.  

«Қазіргі уақытта дәрігерлердің тексеруі барысында зардап шеккен адам қайтыс болды деген ақпарат келіп түсті. Өрт салдарынан екі адам қаза тапты», - делінген хабарламада. 

Өрт Дуров көшесіндегі №26 медициналық мекемеде болды. Үшінші қабатта тұтанған қызыл жалын ауданы 30 шаршы метрді құрады.