03.12.2020, 09:03
Оқиғалар
Маңғыстауда көктайғақ салдарынан 5 автожол жабылды
Облыстың солтүстігінде қатты аяз болуы мүмкін
Фото: ашық дерек көздерден
Маңғыстауда ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызды 5 автокөлік жолы жабылды. Аймақта 2-3 күннен бері қар аралас жаңбыр жауып, жол бетіне мұз қатқан.
Соның салдарынан көлік апаты көбейді. Ақтау – Құрық тасжолында жедел жәрдем көлігі аударылып, 2 адам зардап шекті. Синоптиктер бүгін де аймақта қар аралас жаңбыр жауады деп болжап отыр.
Сондай-ақ, бүгін еліміздің үш өңірінде дауылды ескерту жарияланды. Синоптиктер Қарағанды және Жамбыл облыстарында тұман мен бұрқасын болады деп болжап отыр. Үшінші желтоқсан күні түнде Маңғыстау облысының солтүстігінде 20 градусқа дейін қатты аяз күтіледі.
Көп оқылған
02.11.2026, 13:43
Үш баласы мектепке бара алмай отыр: Алматыда көпбалалы әскери қызметкерді жұмысынан қуып жіберген
02.11.2026, 15:10
Каспий теңізіндегі трагедия: Бектенов Қорғаныс министрлігінің кемшіліктерін тізбектеп шықты
02.11.2026, 12:59
Атырауда бір топ ер адам экстремистік топ құрып, Конституция негіздерін күшпен өзгертпек болған (ВИДЕО)
02.11.2026, 16:21
«Соқырішегі жарылайын деп тұр»: Ақтауда дәрігер мен оған шабуыл жасаған ер адам оқиғаның қалай болғанын айтты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды