31 жастағы күдіктіге іздеу жарияланды
ШҚО Полиция департаментінде Алтай ауданының тұрғындарына қатысты қылмыстық іс аяқталды, олар жүйелі түрде азаматтардан бопсалап ақша талап еткен. Шығын көлемі 15 млн теңгеден асты.
«Тергеу барысында ер азаматтардың құрбаны болған 3 азамат анықталды», - деп бөлісті ШҚО ПД бастығы Сағат Мәдиев.
Күдікті, Алтай ауданының 31 жастағы тұрғынына іздеу жарияланып, ал оның 40 жастағы сыбайласына қатысты іс сотқа жолданды. Қазір іс қаралуда, іс бойынша соңғы шешімді сот қабылдайды.