Әлеуметтік желі қолданушылары оқиға орнынан түрлі бейнероликтер жариялады
1 желтоқсан күні Ақтау – Жетібай тасжолында жол апаты болып, бірнеше автокөлік соқтығысты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Lada.kz сайтына сілтеме жасай отырып.
Ауа райының бұзылуына байланысты Ақтау – Жетібай тасжолында бірнеше автокөлік бір-біріне соғылған.
Әлеуметтік желі қолданушылары оқиға орнынан түрлі фотосуреттер мен бейнероликтер жариялады.
«Қазіргі уақытта оқиға орнында Мұнайлы ауданы полиция бөлімінің тергеушілері жұмыс істеуде. Қосымша ақпарат кейінірек хабарланады», - делінген Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.