Оқиға Глубокое ауданында болған
Шығыс Қазақстан облысында егде жастағы ер адам мен әйел өз үйінде өрттен көз жұмды. Алдын ала мәлімет бойынша өртке сөндірілмеген темекі себеп болған. Бұл туралы ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Глубокое ауданынан қарасты Белоусовка елді мекеніндегі Мир көшесінде орналасқан жеке үйден өрт шыққаны туралы ақпарат дүйсенбі күні таңертең түскен. Өрт таңғы сағат 06:37-де басталған.
Құтқару бөлімшелері келген кезде төбе жабыны, қабырға, жиһаз, тұрмыстық техника және жеке заттар жанып жатқанын көрген. Өртеніп жатқан үйден өрт сөндірушілер 1948 жылы туған ер адам мен оның өзімен жасты әйелінің мәйітін тапты.