Өрт қасақана қойылған
Павлодарда Nissan көлігі өртеніп кетті,, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
«Облыстық төтенше жағдайлар департаментінде өрттің қасақана қойылғанын айтады. Өрт Гагарин көшесі, 76/3 мекенжайында болған. Өрт сөндіру командалары келген кезде 1999 жылғы Nissan Cefiro мотор бөлігінде резеңке-техникалық бұйымдар жанып жатты. Өрттің аумағы 0,5 шаршы метрді құрайды» , - деп хабарлады департаментте.
Келтірілген шығын көлемі анықталуда. Өрт шыққан жерге төтенше жағдайлар департаментінен 7 адам шықты.