Павлодар тұрғыны лифт шахтасына құлап кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Ол ауруханаға жеткізілді

Фото: pavlodarnews.kz

Павлодар тұрғыны лифт шахтасына құлап кетті. Ол №1 қалалық ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

«Зардап шегушінің білегі сынып, кеуде қуысы жарақаттанған. Ер адам  орталық әмбебап дүкеніндегі лифт шахтасына екінші қабаттан құлаған», - деп атап өтті ведомствода.

Облыстық полиция департаметінің мәліметінше, оқиға орнында полиция жұмыс істеп жатыр. Аталмыш фактіге қатысты тексеріс жүргізілуде.