32 жастағы ер азаматтың ерсі қылығын куәгерлер видеокамераға түсіріп алған
Алматы облысында мейрамханаға атпен кіріп кеткен ер адам бұзақылық жасағаны үшін жазаланды деп хабарлайды облыстық Полиция департаменті.
Оқиға Текелі қаласында 17 қараша күні болған. Куәгерлер кафе ішінде атпен жүрген ер адамды видеокамераға түсіріп алып, полицияға хабарлапты.
Полиция бұзақылық жасаған ер азаматты көп күттірмей қолға түсірген. Ол 32 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Оның үстінен іс қозғалып, 5 тәулікке қамалды.