$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
20.11.2019, 11:23
Оқиғалар

Шетелдіктерге жалған құжат ресімдеумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды - ҰҚК

2019 жылғы 15 қарашада ҚР ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаменті Алматы қаласының прокуратурасымен бірлесіп Орталық Азия елдері азаматтарының Қазақстан Республикасына заңсыз көші-қон арнасын ұйымдастырған топтың қылмыстық әрекетінің жолын кесті

Шетелдіктерге жалған құжат ресімдеумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды - ҰҚК
Фото: ҚР ҰҚК

«Қылмыстық топқа Алматы қаласы көші-қон қызмет көрсету орталығының қызметкерлері, сондай-ақ шетелдіктерге құжаттар ресімдеуді жеделдету, оның ішінде № 086 үлгіде жалған анықтама берумен айналысқан бірқатар делдалдар кірген», - дейді ҰҚК хабарламасында.

Қылмыстық іс фигуранттарына тінту жүргізу нәтижесінде 40-тан аса шетелдік азаматтың төлқұжаты, 2 млн артық теңге және Қазақстанда шетелдіктерді заңдастыру бойынша басқа да құжаттар алынды.

Көрсетілген топтың қылмыстық әрекеті жүйелі түрде және ұзақ уақыттан бері жалғасып келген. Шетелдіктер жалған мекенжай бойынша тіркеліп, оларға жалған еңбек шарттары жасалған. Қазіргі уақытта тергеу іс-шаралары жалғасып жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#ҚР ҰҚК #ҰҚК