Павлодарда шенеунік қабылдауға келген тұрғынды психикалық ауруханаға жібермек болған

Автор: Azattyq Rýhy

Ол қызметінен босатылды

Фото: ia-centr.ru

Павлодарда қабылдауға келген тұрғынды психикалық ауруханаға жіберу үшін арнайы бригада шақырған шенеунік қызметінен босатылды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Павлодар әкімі аппаратының басшысы Қайыржан Оңғаров қызметінен босатылды. Ол өз еркімен жұмыстан шығу туралы өтініш жазды. Оның қабылдауына кірген әйел әкіммен кездесіп, қазақ тілін қолдау мәселелері бойынша сөйлескісі келген», - деді Әбілқайыр Сқақов.