«Astana Pro Team» велокомандасының басшыларына қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды

Автор: Azattyq Rýhy

Тағы бір айыпталушы халықаралық іздеуде

Көрнекі фото: ашық дереккөзден

«Астана» кәсіби спорт клубы мен «Astana Pro Team» велокомандасының басшыларына қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды.

«Астана» кәсіби спорт клубы мен «Astana Pro Team» велокомандасының 3 басшысына қатысты велоспортты дамытуға бөлінген 520 миллион теңгені ұрлау фактісі бойынша қылмыстық істі аяқтап, сотқа жіберді. Тағы бір айыпталушы халықаралық іздеуде, оған қатысты тергеу жалғасуда», - деп хабарланды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтен.

Еске сала кетейік, 2020 жылдың 3 наурызында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 2-ші департаментінің басшысы Сергей Перов «Astana Motorsport» командасының бұрынғы капитаны Артур Ардавичустың сыбайластарымен бірге 2 млрд теңгені қалай ұрлағаны туралы баяндады.

Айтуынша, Ардавичус қылмыстық схеманы «Астана» кәсіби спорт клубының директоры Аманбек Кульчиков және «Astana Pro Team» велокомандасының» жетекшісі Лаззат Шамшиевамен бірге құрғаны белгілі болған. «Astana Motorsport» та, «Astana Pro Team» де «Астана» кәсіби спорт клубының еншілес мекемелері.