Екі күдікті қамауға алынды
Алматыда 34 жастағы әйелді көлік ішінде тұншықтырып, пышақтап кеткен. Оның жанында бір жастағы баласы болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.
Әйелдің туыстары бұл қылмысқа күйеу баласын кінәлап отыр. Олардың айтуынша, күйеуі жәбірленушіні ұрып-соғып жүрген.
Оқиға болған күні әйел күйеуімен және баласымен супермаркетке барған. Қайтар жолда күйеуі басқа жолға түсіп, көліктен шығып кеткен. Ал қылмыс кезінде олардың бір жастағы баласы көлікте болған. Әйелдің туыстары күйеуінің айғай-шуды естімегеніне, көлікте не болып жатқанын байқамағанына күмәнмен қарайды.
Қылмыс жасады деген күдікпен екі адам қамауға алынды. Олардың бірі әйелдің күйеуі болуы мүмкін. Полиция күдіктілер туралы ақпарат бермеді. Олар өмір бойы бас бостандығынан айырылуы мүмін.