Алматыға мерзімі өтіп кеткен ПТР-анықтамамен келген ресейлік азамат депортацияланды
Ол Алматыға Түркиядан келген
Алматы қаласының халықаралық әуежайында мерзімі өткен ПТР-анықтамасымен Ресей азаматы депортацияланды. Бұл туралы Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.
24 қарашада Қазақстан аумағына Египет, Түркия, Корея, БАӘ, Ресей Федерациясы, Грузия, Польша, Өзбекстан, Қырғызстан және Германиядан 13 халықаралық әуе рейсі келді. 1 420 жолаушының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 328 адам, анықтамасыз 91 адам - ҚР азаматтары келді.
Оның ішінде:
Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына - 4 рейс (191 жолаушы, анықтамамен - 184, анықтамасыз – 7);
Алматы қаласының әуежайына - 9 рейс (1 229 жолаушы, анықтамамен - 1145, анықтамасыз – 84).
Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жері бойынша карантиндік стационарларға орналастырылды және ПТР-талдау әдісімен тестілеуден өтті. ПТР-талдау нәтижесі бойынша жолаушылардың бірінен коронавирус анықталды.
Сондай-ақ Түркиядан ұшып келген Ресей азаматы, COVID-19 тестінен өту туралы мерзімі өткен анықтаманы ұсынуына байланысты Алматы қаласының әуежайынан депортацияланды.