Шетелдіктерге заңсыз құжат жасаған қазақстандық жалған компания басшылары қамалды

Автор: Azattyq Rýhy

Қытай азаматы мен СІМ экс-қызметкерлері шетелдік азаматтарға заңсыз құжат жасап келген

Шетелдік азаматтарға заңсыз құжат жасаған қазақстандық жалған компаниялардың басшылары қамалды, оларды Ұлттық қауіпсіздік комитеті ұстаған, деп хабарлайды  Azattyq Rýhy КТК арнасына сілтеме жасап.

Заңсыз іспен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың басшылары - Қытай азаматы мен еліміздің Сыртқы істер министрлігінің бұрынғы қызметкері екен.

Олар 2015-2016 жылдары 2 мыңдай шетел азаматына виза жасатып, шақырту жіберген.

Қылмыстық топтың негізгі басшылары елордадан шыққан. Сондай-ақ, өңірлердегі көші-қон полициясы басқармаларының өкілдерімен де келісімде болған.