Жол апатына байланысты қылмыстық іс қозғалды
Ақмола облысында жол апатынан 14 жастағы жасөспірім қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«22 қараша күні«Аршалы-Ижевск» автожолында жол апатынан 14 жастағы ұл бала көз жұмды. Жол апатына байланысты қылмыстық іс қозғалды, тиісті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - деп жазылған хабарламада.