Қаза тапқандардың бірі - 2007 жылы туған бала
Рудный қаласында тұрғын үй өртеніп, екі адам қаза болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Рудный қаласы Б. Майлин көшесінде жеке тұрғын үйдің шатыры жанған. Өрт 80 шаршы метр аумақты шарпыды. Өрт орнынан 1967 жылы туған үй иесінің мәйіті табылып, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды», - делінген ведомство хабарламасында.
Сонымен қатар 2007 жылы туған бала түтіннен уланып, ауруханада қайтыс болды.