Өрт электр сымдарының тұйықталуынан шыққан
Батыс Қазақстан облысында тұрғын үйдегі өрт орнынан әйел адамның денесі табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«22 қараша күні Бәйтерек ауданында тұрғын үй өртенген. Жалпы ауданы 120 шаршы метрді құрайтын үйдің қабырғасы, төбесі жанып, сосын түгелдей отқа оранды. Оқиға орнынан күйік шалған 72 жастағы үй иесі әйелдің денесі табылды», - деп жазылған хабарламада.
Өрт электр сымдарының тұйықталуынан шыққан.