Зардап шеккен ешкім жоқ
Өскеменде тоғыз қабатты үйдің 4-қабатында орналасқан пәтер лоджиясында өрт шығып, 30-дан астам адам эвакуацияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ШҚО ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Пәтер иесі жалынды өзі сөндірмек болды. 34 тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді. Зардап шеккен ешкім жоқ», - деп жазылған хабарламада.
Өрт сөндірушілер оттың пәтер ішіне тарап кетуіне жол бермеді.