Олар қала ауруханаларына жеткізілді
Елордада дәмханадағы жарылыс салдарынан 33 адам зардап шекті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Нұр-Сұлтан қалалық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.
«Шұбар ауданында газ баллонының жарылуы салдарынан 33 адам зардап шекті. Түрлі дене жарақатын алған олардың барлығы жедел жәрдем қызметімен қала ауруханаларына жеткізілді. Бейінді мамандар, медицина қызметкерлері зардап шегушілерге толықтай медициналық көмек көрсетуде», - деп жазылған хабарламада.