Қостанай облысының тұрғыны есірткі жарнамалағаны үшін 6 жылға сотталуы мүмкін

Автор: Azattyq Rýhy

22 жастағы жігіт үйлердің қабырғаларына интернет-сайттардың сілтемелерін жазған

Фото: ашық дереккөзден

Рудный қаласының полицейлері есірткіні жарнамалаған жергілікті тұрғынды ұстады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі облыстық полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«22 жастағы жергілікті тұрғын үйлердің қабырғаларына интернет-сайттардың сілтемелерін жазған. Аталған факт Қылмыстық кодекстің 299-бабында көзделген «Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды немесе сол тектестерді, прекурсорларды насихаттау немесе заңсыз жарнамалау» қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша тіркелді», - делінген ведомство хабарламасында.

Аталған баптың санкциясы 6  жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.