ШҚО-да 8 жасар бала пеш жағамын деп күйіп қалған

Автор: Azattyq Rýhy

Ол отты тұтату үшін жанармай қолданған

Шығыс Қазақстан облысында 8 жасар бала үйдегі пешті жағамын деп қолы мен бетін күйдіріп алған. Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Оқиға 18 қараша күні Жарма ауданындағы Қалбатау ауылында болған.

«Ауруханаға беті мен қолының 18 пайызы күйген 2011 жылғы бала келіп түсті. Анықталғандай, кішкентай бала пеш жаққан екен. Отты тұтату үшін ол жанармай қолданған. Алау лап беріп, салдарынан бала күйіп қалған», - дейді ТЖК мамандары.