Жас жігіт жауапкершіліктен жалтару үшін өтіп бара жатқан адамдарды өзімен бірге билеуге шақырады
Алматылық азамат полиция қызметкерінің нысанды киімін заңсыз кигені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Polisia.kz хабарлайды.
Сюжет бойынша полиция қызметкерінің формасын киген жас жігіт жауапкершіліктен жалтару үшін өтіп бара жатқан адамдарды өзімен бірге билеуге шақырады.
Бұл факт бойынша Алмалы аудандық полиция басқармасы жанындағы полиция бөлімі құқық бұзушының жеке басын анықтап, ол ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 675-бабымен (айырым белгілері және (немесе) нышаны бар әскери киім нысанын, сондай-ақ нысанды киім мен арнаулы киім-кешекті заңсыз киіп жүргені (пайдалану) үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.