Одан бөлек, күдікті 1,5 миллиард теңгеден астам салық төлеуден жалтарған
Қаржы мониторинг комитетінің БҚО бойынша Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабының 4-бөлігінің 2-тармағында, 245-бабының 3-бөлігінде көзделген қылмыстық құқықбұзушылық жасады деген күдікпен өңірдегі кәсіпорын директорларының бірін ұстады.
Ол мемлекеттік сатып алуға қатысушы ретінде «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында тұрғын үй құрылысына бөлінген 143 миллион теңгеден астам сомада бюджет қаражатын ұрлады деген күдікке ілінді. Одан бөлек, күдікті 2017-2018 жылдары 1,5 миллиард теңгеден астам салық төлеуден жалтарған.
Тергеу шаралары жалғасып жатыр.