Таразда бір әйелді өлтіріп, екіншісін ауыр жаралап кеткен күдікті ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

42 жастағы ер адам үйінен пышақ жарақатын алған анасы мен жұбайын тауып алған

Тараз полицейлері кісі өлімі дерегін ізін суытпай ашты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

16 қараша күні «102» пультіне 42 жастағы ер адам хабарласып, үйінен пышақ жарақаттарын алған анасы мен жұбайын тапқаны туралы арызданған.

«Оқиға орнына келген полицейлер мен медицина қызметкерлері 42 жастағы әйелдің қайтыс болғанын анықтады, алкөмекке  жүгінген ер адамның анасы Жамбыл облыстық ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылды.

Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Жамбыл облысының Жамбыл ауданы Пригородное ауылының 40 жастағы тұрғыны анықталып, ұсталды. Ол бұрын кісі өлтіргені және зорлағаны үшін сотты болған», - делінген хабарламада.

Ұсталған азамат кінәсін мойындап, спирттік ішімдіктерді қосылып ішу барысында кенеттен туындаған жанжал салдарынан пышақ жарақатын салғанын көрсетті.

Аталған дерекке қатысты 99-баптың 1-бөлігі, 24-99-баптың 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бірқатар сараптамалар тағайындалды. Сондай-ақ заттай дәлелдемелер алынды.